Astana Hub-та резиденттік өтінімі берілді. Seed Money мен грант тректерін дайындап жатырмыз.
2026 жылдың наурыз айында команда Astana Hub-та резиденттіктің өтінімін берді. Пакетте — бірінші жылдың жоспары, қаржы моделі, команда және сериалды көрсетуге «Балапан» мен TV+ арналарымен келісім. Қатар Seed Money мен грант тректері бойынша өтінімді дайындап жатырмыз.
Astana Hub-тағы резиденттік заңды инфрақұрылымға, Қазақстандағы инвестициялық байланыстарға және технологиялық компаниялар үшін салық режиміне қол жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл біздің үш кіріс ағынымыз үшін аса маңызды: ойындағы жазылулар, AI-pin сатылымдары және серіктестік интеграциялар.